Енді 1 еуро 196 теңге 42 тиын болды. Кей жерлерде, тіпті, 195 теңгеден де сатылып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, еуро әрі қарай да түсе береді. Тіпті, жазға қарай доллармен теңесіп кетуі де мүмкін. Тек бұл жағдайдан қазақтар ұтпаса, ұтылмайды. Өйткені, еуроның бағамы төмендей берсе, кәрі құрлықтан келетін тауар да, ондағы оқу құны да әлдеқайда арзанға түседі. Қаржыгерлер, тіпті, дәл қазір нағыз Еуропаға саяхаттайтын кезең деп отыр.
Меруерт Махмұтова, сарапшы:
-Еуропаға барған, ол жақта былайша айтқанда қонақ болған, ол жақта тауарлар алған біздің азаматтарға арзандау шығатын болады. Енді осыдан біраз уақыт бұрын мөлшері 225 теңге болса, қазір енді 210, одан да төмендеп бара жатыр. Сондықтан, әрине, бұл біздің азаматтарға пайдалы.