БҰҰ бас хатшысының баяндамасында атап көрсетілгеніндей, 2007 жылғы желтоқсандағы жағдаймен дүниежүзіндегі барлық елдердегі ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 33,2 млн адамды құрады. СПИД індеті әлем бойынша 25 млн адамның өмірін жалмады.
БҰҰ бас хатшысы сонымен бірге осы онжылдықта ВИЧ індетімен күреске бағытталған ұлығаусар қаражаттың жемісін әлемнің сезіне бастағанын да атап өтті. Ол осы табыстар жаппай батылдық, саяси шешімділік пен ВИЧ індетін жұқтырғандардың тікелей өз белсенділігінің арқасында қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын паш етті, деді.
БҰҰ бас хатшысы биыл адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы қабылдануының 60 жылдық мерейтойы атап өтілетінін еске салды. Ол осы құжаттың қабылданғанына бірнеше ондаған жыл өткеніне қарамастан, дүниежүзі ВИЧ індетін жұқтырғандарға қатысты алабөтен алалаушылық оқиғаларына әлі де тап келіп отырғанына алаңдаушылық білдірді. Ол әлем елдерін осындай жайттарға қарсы заң қабылдауға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті