Желден озған желаяқ жігіт сөйте тұра Алматыдағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта 20 жыл қарапайым бапкер болып істеді. Спорт саңлағының жолын жапқан кімдер? Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ол қанша жасында келді? Әріптесіміз Жадыра Сейдештің сауалдарына бұл жолы КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқов жауап береді. Спорт саңлағының жүрекжарды әңгімесін әдеттегідей таңғы сағат 8:30-да көре аласыздар.