Әлемнің ең жасыл зәулім үйі марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің ең жасыл зәулім үйі марапатталды

Әлемнің ең жасыл зәулім үйі марапатталды

Майндағы Франкфуртте зәулім ғимараттарды салу инновациялары үшін халықаралық сыйлық Миландағы көгалдандырылған Bosco Verticale тұрғын үй кешеніне берілді.

  • 21 Қараша 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz

dpa ақпараттық агенттігі хабарлағандай, халықаралық сыйлықтың қазылар алқасы  бұл таңдаудың зәулім ғимараттарды көгалдандарудың жаңа перспективаларын ашып, болашақта Еуропа қалаларын салуға үлгі бола алатынын алға тартты.

Bosco Verticale  итальян тілінен аударғанда «вертикальды орман» дегенді білдіреді. Кешен биіктігі 80 және 112 метр болатын екі ғимараттан тұрады. Жалпы алғанда, онда 5000 бұта мен еденге қойылған11000 түп өсімдік бар. Бұл «ормандағы мұнаралардың» бірі — 19 қабаттық, екіншісі — 27 қабаттан тұрады. Бұл кешенде барлығы 113 тұрғын пәтерлер бар.

Зәулім үйлерді салу инновациялары үшін марапатына сәулетші Стефано Боэри мен тапсырыс беруші Манфреди Кателла ие болды. Сыйақы қорының көлемі — 50 мың еуро.