Алғаш рет Шымкентте құны 100 теңге тұратын автоматты әжетхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғаш рет Шымкентте құны 100 теңге тұратын автоматты әжетхана ашылды

Алғаш рет Шымкентте құны 100 теңге тұратын автоматты әжетхана ашылды

Бұрын соңды болмаған, әрі автоматты түрде жұмыс істейтін әжетхана Шымкент қаласында ойлап табылды. Қоғамдық бөлменің есігі тыйын қабылдағышына 100 теңге салынған жағдайда ғана ашылады.

  • 26 Наурыз 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Шымкентте ойлап табылған автоматты әжетхана Қазақстанда алғаш ашылып тұр. Оның ерекшелігі бұл ақылы әжетханада кассир жұмыс істемейді. Яғни, тыйын қабылдағышқа жүз теңге салынса, әжетхана есігі өзі автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бейнеролик авторы ақша қабылдайтын автоматтың қалай жұмыс жасайтынын толық баяндайды.

«Мұнда 100 теңге салсаңыз, есік өзі ашылады. Мынау ерлердің әжетханасы болса, ал келесі әйелдердікі», – деп  қалжыңдап түсіндірді видео авторы.

Әлеуметтік желідегі видеоны тамашалағандар автоматты жұмыс істейтін әжетханаға таңқалыстарын білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Ал кейбір желі қолданушылар шымкенттіктер үшін әжетхана құнының жүз теңге болуы қымбат дейді.

Оқи отырыңыз:

200 теңгелік әжетхана бағасы Қазнетті шулатты

Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты. Арасында губернатор Аман Төлеевтің туысы — 11 жастағы қыз да бар

Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Соңғы жаңалықтар