2013 жылдың 28 тамызына дейін алимент өндіруге байланысты республика бойынша 189 733 атқару құжаты орындауда болған. Жыл басынан алимент өндіруге байланысты 38 223 атқару құжаты келіп түскен.
«Акция кезінде 6677 атқару өндірісі нақты орындалған. 296 борышкер «Жұмыспен қамту» орталығымен бірлесе жұмысқа орналасуға бағытталды. Сонымен қатар «БҮРКІТ» базасы бойынша 1309 борышкерге ҚР аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылған», — делінген таратылған мәліметте.
412 борышкердің мүлкінің тыйым салынды. 266 борышкер ҚР Әкімшілк құқықбұзушылық кодексінің 542,521,525-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылды. Мұнымен қоса іздеудегі 61 борышкер табылды.