ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 21 қаңтарда сағат 02:06-де жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 366 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты 10,0. Тербелісі - MPV 4.3. Тереңдігі - 10 шақырым. Дүмпу Алматыда сезілген жоқ.