Жарияланды: 20

Алматы әкімдігі балалардың жазғы демалысына 232,4 млн теңге қаражат жұмсады

Алматы әкімдігі балалардың жазғы демалысына 232,4 млн теңге қаражат жұмсады Сурет - lager-romantik.kz

 

Алматы әкімдігі биыл жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыруға және жұмыспен қамтуға жергілікті бюджеттен 232,4 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова Фейсбукте жазды.

«2019 жылдың 1-ші жазғы сауықтыру маусымында Алматы бойынша 192 мектеп жанындағы лагерьлерде 28449 оқушы демалды. Яғни, жоспарланған балалардың тізімінен (32145) 88,5 %-ы демалыс орнымен қамтылды. Бұл 108 мектепте 9235 оқушыға  ыстық тамақ бөлінді, 5 мектеп жанындағы лагерьде жүзу бассейндері жұмыс істеді. Сонымен қатар қала сыртында 2 жазғы лагерь («Юный домостроитель ЖШС», «Алма-Тау» «Samruk Company» ЖШС) ашылып, онда 1285 бала сауықтырылды», - деді Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, осы мақсатта Алматы әкімдігі биыл балалардың жазғы демалысына және жұмыспен қамтуға 232,4 млн теңге қаражат қарастырған.

Департаменттің аудандық бөлімшелері оқушылардың тамақтануының сапасы мен қауіпсіздігі, медициналық қызмет көрсету және сауықтыру сұрақтары бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Алматы қаласы Департаментінің мамандары қала бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық шеңберінде нормативтік-құқықтық актілер талаптарын түсіндірді.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін