Жарияланды: 30

Алматы әуежайына Минскіден ұшып келген ұшаққа "мина қойылғаны" туралы ақпарат түсті

Алматы әуежайына Минскіден ұшып келген ұшаққа "мина қойылғаны" туралы ақпарат түсті

 

Алматы әуежайына Минскіден ұшып келген ұшаққа "мина қойылғаны" туралы ақпарат түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі растады.

14 сәуірде әуе айлағының электрон поштасына Минскіден ұшып шыққан ұшаққа "мина қойылғаны" туралы хабарлама түскені айтылды.

"Ұшаққа "мина қойылғаны" туралы ақпарат түскен соң, төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Ұшаққа "мина қойылғаны" туралы ақпарат расталмады", - деді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұл Алматыға түнде келген Belavia әуекомпаниясының борты болатын. Онда 171 жолаушы болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін