Алматы әуежайында декларацияда көрсетілмеген 40 мың АҚШ долларын алып өту әрекетіне тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында декларацияда көрсетілмеген 40 мың АҚШ долларын алып өту әрекетіне тосқауыл қойылды

Алматы әуежайында декларацияда көрсетілмеген 40 мың АҚШ долларын алып өту әрекетіне тосқауыл қойылды

Алматы. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әуежайында декларацияда көрсетілмеген 40 мың АҚШ долларын алып өту әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Маусым 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Стамбулға дейінгі рейстің кедендік, шекаралық және арнайы бақылауынан өткеннен кейін тұтқындалғанды тінту кезінде декларацияда көрсетілмеген 40 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

«Бұл оқиға бойынша департамент ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы (Экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп көрсетілген арнайы хабарламада. Тұтқындалған ҚР азаматы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті