Алматы күніне орай мобильді қосымша іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы күніне орай мобильді қосымша іске қосылды

Алматы күніне орай мобильді қосымша іске қосылды

Алматы әкімдігі қыркүйекте тойланатын қала күніне орай жаңа мобильді қосымшаны іске қосты.

  • 18 Тамыз 2015
  • 493
Фото - Caravan.kz


Енді Junaio қосымшасынан мейрам қарсаңында қандай мерекелік шара қай жерде өтетінін білуге болады. 
«Біз мейрам қарсаңында қалада не өтетінін көрсететін бірегей қосымша жасадық. Оны смартфонға Appstore, Playmarket арқылы жүктеп алу керек. Сосын ашылған қосымшаны Junaio логотипі бар кез-келген баннерге тақасаңыз, қажетті ақпараттың барлығы шығады», — деді қалалық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маркен Ахметов. 
Биыл мерекені атап өту күні 20 қыркүйекке келеді. Бірақ қала тұрғындары мен қонақтары қыркүйектің басынан-ақ 50-ге жуық мәдени оқиғаларға куә болмақ. 
Қала басшылығы биыл оркестрлер шеруі, Apple Quest, «Шәкен шоқжұлдыздары», «Еуразия» кинофестивалі, Apple Fest, «Muzzone-2015» еуразиялық музыкалық премиясын өткізбек. Сондай-ақ биыл тұңғыш рет 7 метро стансасында бірнеше оркестр классикалық туындыларды орындайды.