Алматы маңындағы Сақ қорғандары тазаланды
«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы мен оның «Жас отан» жастар қанаты Алматы маңындағы Боралдай Сақ қорғандары аумағында арнайы сенбілік өткізді. |
Сақтардың Боралдай қорғаны - біздің эрамызға дейінгі VII-III ғасырлардан қалған ерекше тарихи ескерткіш. Қазір ашық аспан астындағы мұражай саналады. Бүгінгі шара барысында жетекші партияның 100-ге жуық мүшесі қорған аумағын тазалап, ретке келтірді.
«Біздің партияның тұғырнамасында басты бағыттардың бірі - мәдениетті дамыту мен қолдау. Осыған байланысты «Нұр Отан» ХДП тарихи жәдігерлерді сақтауға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі шара соның айғағы»,- дейді сенбілікті ұйымдастырушылар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін