Алғашқы елордалық электр бекеттері әуежай мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы аумағында салынған. Тағы бірі Алматы қаласының орталық бөлігінде.
Олар әлемдік стандартқа сай келеді, бір сағаттан бастап, 4 сағат ішінде әлемдегі кез келген электрокөлікті қуаттайды.
Станцияларды ашуға жекеменшік инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін екі қалада 100 бекет салынатын болады. Тағы жиырма станция Астана-Алматы республикалық тас жолында орнатылмақ.
Қазір қазақстанда 200-дей электромобиль қолданыста.