Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Арлан» құрықтаушы топтары ҚР ІІМ-нің бұйрығымен көптеген аймақтық ІІБ-ның жанынан құрылуда. Бұл топтар әртүрлі деңгейдегі қалалық ІІББ немесе Облыстық ІІБ бастығының жеке резервіне саналады.
Алматы облысындағы «Арлан» тобында 5 офицер және 20 сержант, барлығы 25 адам бар. Бұл топқа сайдың тасындай сарабдал жігіттер іріктелді. Атап айтсақ, офицерлердің бойы 175см-ден кем емес, әскери борышын арнаулы бөлімде немесе осы тектес бөлімдерде өтеген болуы, ал сержанттар үшін әскери борышын десанттық (мобильді) бөлімде өтеген болуы немесе спорт мастерінен кандидаттық дәрежеден төмен емес деңгейде спорттық разрядының болуы талап етілді.