Жарияланды: 470

Алматы облыстық сотының отырысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Алматы облыстық сотының отырысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Алматы облыстық сотының пленарлық отырысында  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 тамыздағы №65 Жарлығымен тағайындалған

сот төрағасы мен судьяларды таныстыру рәсімі өтті.

Президент Жарлығымен Байғожаев Жангелді Алтынбекұлы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатылып, Балқаш аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Іле аудандық сотына Батыров Жанмұрат Әуелбекұлы, Қарасай аудандық сотына Қоңырбаева Меруерт Ғазизханқызы, Алакөл ауданының №2 аудандық сотына Төреқұлов Дәурен Әлібекұлы, Талдықорған қалалық сотына Тоқтыбакиева Анар Садықжанқызы  жаңадан судья лауазымына тағайындалып, ант қабылдады.

Алматы облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Талғат Баратбеков оларды тағайындалуларымен құттықтап, жұмыстарында табыс, сот төрелігін жүргізуде тек қана Қазақстан Республикасының Ата Заңына бағынып, өз міндеттерін абыроймен атқаруларын тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін