Жарияланды: 490

Алматы облысында 8 заңсыз мигрант ұсталды; 2-еуінен ауыр өндірістік жарақаттар анықталды

Алматы облысында көші-қон полициясының қызметкерлері 8 заңсыз мигрантты ұстады, екеуінен ауыр өндірістік жарақаттар анықталды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

«Металл өнімдерін шығаратын бір кәсіпорынның алты жұмыскері Ескелді ауданында ұсталды, ұлты қытай деп болжанып отыр. Олар көп болған, бірақ қалғандары қашып кетті. Мигранттар тұрған жерден табылған тағы екі адамның терісін көптеген жаралар басып кеткен, олар антисанитарлық жағдайда өмір сүрген», - деп мәлім етті баспасөз қызметінің жетекшімі Көбейхан Нұрахмет жұма күні. Оның ақпаратына сәйкес, ұсталғандар бұл екеуі 10 күн бұрын өндірісті қышқылмен уланып қалғанын, бірақ «жедел жәрдем» қызметкерлері қараған соң, олар ауруханаға барудан бас тартқанын айтқан. К. Нұрахметтің айтуынша, прокуратура«жедел жәрдем» қызметкерлерінің өндірістік жарақат алған шетелдіктер туралы құқық қорғау органдарына хабарламауларының себебін анықтап жатыр. Мүмкін кәсіпорын иесі бұл фактіні жасыруды өтінген шығар, өйткені жұмыскерлердің тиісті құжаттары болмаған, дейді ІІД өкілдері. «Кәсіпорын басшылығы құжаттардың бәрі бар, бірақ олар Алматыда екенін айтып отыр, бірақ бұл сөздерінің дәлелі жоқ», - деді К. Нұрахмет. Ұсталғандардың бәрі АІІБ қабылдағышына орналастырылды, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть