Алматы облысында әскери тікұшақтардың оқу-жаттығулары өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында әскери тікұшақтардың оқу-жаттығулары өтті

Алматы облысында әскери тікұшақтардың оқу-жаттығулары өтті

Қазақстанның әскери авиациясының тікұшақтары нысандарды талқандау мақсатында атыс құралдарын қолдануды көздейтін әскери дайындықтың кезекті кезеңін аяқтады, деп жазады 24.kz.

  • 28 Шiлде 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz

Дайындық 2 апта бойы Алматы маңындағы «Первоймайская» әуе базасында өтті. Осы мақсатта мұнда «Ми-24» әскери тікұшақтары шоғырланған Қазақстанның 3 ірі авиациялық бөлімшелерінің мамандары келді. Олар — Шымкент, Семей және Астана әуе базаларының ұшқыштар құрамы. Жаттығулар әскери талапқа сай экипаждың толық құрамымен өткізілді. Яғни тікұшақ бортында экипаж командирі, штурман және қару-жараққа жауапты ұшқыш-оператор болды. Тікұшақтар жердегі шартты нысандарды ФАБ-100 және ФАБ-120 әуе бомбаларымен, сондай-ақ коллибрі 12,7 миллиметрлік пулеметтармен және басқаруды қажет етпейтін С-8 әуе ракеталарымен талқандады.

Әскери оқу-жаттығуда алдына қойылған талаптарға сай көлік әрі шабуыл машинасы қызметтерін атқара алатын «Ми-24» және «Ми-171» тікұшақтары қолданылды. Әуе шабуылы түнгі уақытта өткізілді. Бұл — экипаждың берілген тапсырманы орындауын қиындатқанмен, жас ұшқыштардың біліктілігін арттырады.

«Әскери біліктілік деңгейіне тоқталатын болсақ, әр бөлімше 90%-ға дайын. Мұнда тұңғыш рет қатысқандар, сондай-ақ қайта қатарға қосылғандар және тәжірибелі сарбаздар бар. Бүгінгі оқу-жаттығуларға негізінен «Первомайская» әуе базасының ұшқыштар құрамы қатысуда. Сондай-ақ Шымкент әуе базасынан 60 пайыздайАстанадан 3-4, Семейден 5-6 ұшқыш қатысты. Барлығымызды ортақ мақсат біріктіреді», — дейді Шымкент әуе базасы командирінің орынбасары Аманкелді Мәкішев.