Алматы облысында атылып өлген полковниктің әріптестері шатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында атылып өлген полковниктің әріптестері шатылып жатыр

Алматы облысында атылып өлген полковниктің әріптестері шатылып жатыр

Алматы облысында өзін табелді тапаншамен атып өлтірген полковниктің  әріптестері істі болып  жатыр. Яғни тергеушілер бюджет қаржысын жымқырды  деген айыппен  әскери бөлімнің бірнеше лауазымды офицерінен жауап алуда. Әзірше, олар  қызмет бабын пайдаланды деген күдікке ілінген.

  • 13 Наурыз 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиғадан кейін  Алматы іргесіндегі №55065 бөлімін жақында   Қорғаныс министрлігі мұқият тексерген болатын.  Комиссия барлық қаржылық құжаттарды тәркілеп,  әсіресе,  Әуе қорғаныс күштерінің  ірі қоймасына жетекшілік еткен командирлердің қызметіне шүйлігіп жатыр.Тергеу кезінде офицерлердің ондаған миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны анықталған. Алаяқтықтың бірі – әскери бөлім  жанынан тұрғызылуы тиіс бетон қоршауға қатысты. Тергеу материалына қарағанда лауазымды шенділер оны  арзан  цементпен соға салып, артылған ақшаны бөліп алған. Бұл былық Астанаға белгілі болғаннан кейін, сақтау қоймасын басқарған полковник Абай Мырзабеков запасқа  жіберу  жөнінде дереу  рапорт жазады. Бірақ кейін жұмыс кабинетінде атылып өлді.