Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды

Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды

Сотталғандарға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды

  • 11 Шiлде 2019
  • 94
Фото - Caravan.kz

Алматы облыстық мәслихатының депутаты ұлымен бірге 111 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратынша, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішев пен облыстық мәслихаттың депутатына сот үкімі шықты.

Сот барысында облыстық мәслихаттың депутаты, "УМР-3" ЖШС басшысы Б.Артемов ұлымен бірге Талғар су торабын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін Бекішевке 5 550 000 теңге пара бергені анықталды.

"Талдықорған қалалық сотының үкімімен Бекішев пара алғаны үшін 4 жылға сотталды. Ал депутат пен оның ұлына пара бергені үшін әрбіреуіне 55,5 миллион теңге айыппұл салынды", — делінген хабарламада.


Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.