Жарияланды: 490

Алматы облысында гранит және мәрмар тақталар өндірісінің бірінші желісі іске қосылды

Алматы облысының Қаскелең қаласында тас өңдеу жөніндегі "Гранитек" зауытында гранит және мәрмар тақталар өндірісінің бірінші желісі іске қосылды,- деп хабарлайды Еуразиялық қаржы-өнеркәсіптік компаниясынан хабарлады.

Еуразиялық қаржы-өнеркәсіптік компаниясының қаржыландыруы арқасында салынған зауыт әзірше тек жылына 20 мың шаршы метр гранит және мәрмар тақталар өндіретін болады. Екінші желі іске қосылғаннан кейін өнім мөлшері екі есе артады деп күтілуде. "Гранитек" зауытының директоры Андрей Пак зауыт өнімдері Қазақстан нарығында өз сатып алушысын табады деген сенімде. Осы орайда ол зауыттың отандық кеніштерден шығарылған сапалы шикізатты тұтынатынын хабарлады. "Гранитек"-тің алғашқы өнімдері Астанадағы бірқатар жаңа ғимараттар мен Алматыдағы гольф-клубты, сондай-ақ, басқа да бірқатар нысандарды безендіруге пайдаланылады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть