Алматы облысында монополистер тауық ішетін суға да ақша сұрауда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында монополистер  тауық ішетін суға да ақша сұрауда

Алматы облысында монополистер тауық ішетін суға да ақша сұрауда

Тауық ішкен су үшін теңге төле! Алматы іргесіндегі Еркін ауылының тұрғындары ауызсу үшін қойылған осындай жаңа тарифтерді көріп жағасын ұстады. Бұрын адам басына ақша алатын әкімдік, енді үйдегі төрт-түлік, тіпті тауықтың әр басы үшін теңге жинауды бастаған. Мұнда көлігі мен моншасы барлар да қосымша ақы төлеуге міндетті. Бірақ бүгінге дейін тарифтің неге осылайша  есептеле бастағанын тұрғындарға түсіндірген ешкім жоқ.

  • 19 Қараша 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz

Шаш ал десе, бас алатындар «Судың да сұрауы бар» деген мақалды тым әсерлі түсінген сыңайлы. Талғар ауданына қарасты Еркін ауылында олар тұрғындарға шүмектен аққан ауызсуды шөлмекке құйығызып, үнемдеудің амалын тауыпты. Бірақ бұл еркіндіктердің ашуын тудырып отыр. Себебі тариф бірден 2 жарым есеге қымбаттаған.

Сәуле Қамзаева, Еркін ауылының тұрғыны:

-Олар бізге осы тарифпен төлейсіңдер дейді. Бұл тарифты қайдан алдыңдар десек, жауап бере алмайды. Қайдан алғанын айтпайды, белгісіз. Сол үшін біз төлемейміз десек, сразу су бермейміз деп суды өшіріп тастады. Су жоқ.

Қыркүйектің басында бекітілген тариф жайлы жұрт кеше ғана білген. Ол бойынша адам басына енді 788 теңгеден алынады. Егер моншаңыз бар болса бұл көрсеткіш 871 теңгені құрамақ. Ең қызығы шенділер енді үйдегі адам санын ғана емес, қорадағы мал мен ауладағы көлікті де есепке алған. Олардың пайымдауынша күнделікті ірі қараға 110 литр, қойға 12, ал шошқаға 30 литр су қажет. Үйрек-қаз бен тауық болса бір күнде 3 литр су ішіп, айына 12 теңге 44 тиынның тіршілік нәрін пайдаланады.

Гүлбарам Ақымбекқызы, Еркін ауылының тұрғыны:

-Тауықты кім шығарды?! Тауық далада ішеді, осы қыста тауыққа ешкім су да құймайды, даланың суын ішеді. Сиырға жарайды енді, бірақ сиырды да көп адам ұстамайды. Менде сиыр да жоқ, тауық та жоқ, бес балам бар.

Оның үстіне бірнеше жыл бойы су үшін ақы төлеп келген жұртқа түбіртек берілмепті. Шыдамы таусылған тұрғындар бүгін әкімдік алдына жиналып, жаңа тариф пен жаңа тәртіп жайлы басшылардың өздерінен сұрады.


-Бұл тарифті кім белгіледі?

-Талғар су арнасы. Міне құжаты.

-Құжаттың түпнұсқасын көрсет қәні.

-Түпнұсқасы жоқ.

Бастапқыда әкімдік пен коммуналдық кәсіпорын өкілі бір-бірін түсінбесе, кейін ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған мәселенің шешімін де айтты.

-Су есептегішті қондырау жайында тұрғындар сізге келді ме?

-Диля келді.

-Нәтижесі қандай болды?

-Бірақ біз тариф бағасын білмедік.

Нұрлан Нысанбаев, Қайнар ауылдық аймағы әкімінің орынбасары

-Магистральды су арнасы мекемесіне  бере салды. Қазір бағаны солар қойып жатыр. 800 теңге, 800 теңгеге жетпей, 788 теңге айтып жатыр ғой. Антимонополиялық  комитеттен  бекітілген тарифтің  бағасы келді. Енді осы тариф бойынша есептегіш  қойып, осы бойынша төлейді.

Шу шығарған жұрт енді есептеуіш құрал қойып, әркім пайдаланғанына қарай ақша төлейтіндігіне ұзақ қуана алмады. Себебі оларға әр текше метр үшін 136 теңгеден, яғни өнеркәсіп орындарының тарифі қойылыпты. Оның үстіне 11 елді мекенді қамтитын Қайнар ауылдық аймағындағы құбырлардың ең жаңасы 1984 жылы жүргізілген. Сондықтан есептеуіш құралын қою мүмкін емес. Дегенмен әкімдік бұл олқылықты тура бір жыл ішінде жоямыз деп отыр.