Алматы облысында ондаған сауыншы далада қалғалы тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ондаған сауыншы далада қалғалы тұр

Алматы облысында ондаған сауыншы далада қалғалы тұр

Асыл тұқымды мал зауытын сатуды ұйғарған басшылар жұмысшыларға кооперативке тиесілі баспаналардың бірін қалдырмай босатуды бұйырған. Енді барар жері жоқ сауыншылар қартайғанда қызметтік үйден қумауын сұрады. Алайда Кеңес кезінің заңына сүйенген басшылар «ұжымшардың мүлігі» деп, сауыншыларға әбден ескірген жатақхананың өзін қимай отыр.   

  • 10 Қазан 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz

Еңбекші ауылындағы сауыншылар осылай деп күйінеді. Тек малмен арпалысқан жандардың жанайқайын еститін адам табылмай тұр.  

Жанар Асылова, сауыншы:

-Бәріміздің істеп жатқанымыз -таңғы сағат төрттен тұрып, түнгі сағат ондарда үйге қайтатынымыз. Кейде суықта. Жанымызға бататыны, далада қаламыз ба деген ой.

Зауыттың сатылатынын естіген жұмысшылар қаңғырып қаламыз ба деп қорықады. Өйткені бәрінің үйі кооперативке тиесілі. Басшылары басу айтқанымен, алды тіпті баспанасынан шығарылып жатыр екен.    

Дүйсенбек Жидебаев, малшы:

Сендерге тиіспейміз, сендерді қумаймыз дейді. Бірақ та біздің алдымызда кеткен зейнеткерлер, қайтыс боп кеткен адамдардың  балаларын қуып жатыр.

Сауыншылардың біразы жер үйде, біразы – жатақханаға қоныстанған. Оның өзі кісі шошырлық жағдайда.

-Сүт фермасына тиесілі үйлердің бірі міне осы. Сауыншы жанұясымен мұнда ас-суын ішеді, ал мынау жатын бөлмесі. Тек жатын бөлме жылы болмай тұр. Қаусаған жұқа терезе… Небәрі 14 мың теңге жалақы алатын сауыншы 5 баласымен қыстың көзі қырауда үнемі жаурап жатады.

Бірақ басқа барар жері жоқ жұмысшылар осы баспана үшін де жанталасып отыр. Десе де, сиыр өсірумен айналысқан кооператив оны баяғы«ұшымжардың мүлігі» дейді.


Хажарбүбі Сабырова, асыл тұқымды мал зауытының заңгері:

-Кеңес одағы кезінде колхоздың жеріне ешкім тартып ала алмайтын еді. Тартып алуға құқықтары жоқ.

Ал зауыттың сатылатыны рас боп шықты. Қазіргі қожайындар құжаттарын реттеуге кірісіп те кеткен. Енді фермамен бірге оған тиесілі үйлер де өзгенің қолына өтпек. Сондықтан барлығы кооператив мұлкін қайтаруы тиіс. Кеңес үкіметін қайта-қайта тілге тиек еткен мекеме заңгері сауыншыларға сол заманның заңына сәйкес үйді босату жөнінде ресми хатты дайындап та қойған.