Алматы облысында пышақ жарақатын алған қыздың жағдайы ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында пышақ жарақатын алған қыздың жағдайы ауыр

Алматы облысында пышақ жарақатын алған қыздың жағдайы ауыр

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында жас жігіт пышақтап кеткен 15 жастағы қыздың жағдайы бірқалыпты ауыр.

  • 17 Қазан 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жамбыл аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Құрбанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Тимур Құрбанбаевтың сөзінше, науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Ота кезінде дәрігерлер оқушы қыздың бауырының оң жақ тұсы, асқазан, іш майының тамырлары және іштің ашық зақымдануын анықтады. 

«Аралас жарақатқа және операцияның ауырлығына байланысты, науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланады. Қазір қызды хирургиялық бөлімге ауыстырдық. Сол жерде ары қарай тиісті ем-домын қабылдайды», — деді бөлім меңгеруші Тимур Құрбанбаев.