Алматы облысында қылмыскерді полицияға ұстап берген оқушылар марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қылмыскерді полицияға ұстап берген оқушылар марапатталды

Алматы облысында қылмыскерді полицияға ұстап берген оқушылар марапатталды

Алматы облысында қандықол қылмыскердің қашып кетуіне мүмкіндік бермей, полицияға тапсырған мектеп оқушылары марапатталды! 26 жастағы азаматты қинап өлтірген қаскөйді 6 бала жабыла ұстаған.

  • 16 Қаңтар 2016
  • 268
Фото - Caravan.kz

Қаһарман жасөспірімдерге полицейлердің өздері ризашылығын білдірді. 11-ші сынып оқушылары 4 күн бұрын мектептің қасында болған қанды оқиғаға куә болып, дереу пышағы бар азаматтың қашуына бөгет жасаған. Қаскөйді тәртіп сақшылары келгенше ұстап отырыпты. Бірақ, ол  бұған дейін 1 адамды мерт қылып үлгерген екен. Яғни, 26 жастағы жігітті 23 рет пышақтап өлтірген. Кейін, оқиға орнынан ізін суытпақ болады. Алайда оқушылар қандықол қылмыскерді полицейлердің қолына тапсырды. Олардың өздері бұл әрекеттерін азаматтық парызымыз деп отыр.

Арслан Қазиз, 11 сынып оқушысы:

— Көрген соң, ойланбай тез бөлініп алтаумыз үш-үшке бөлініп, қолынан пышақты алып, құлатып ұстап алдық.  Ол біздің азаматтық парыз. Сондықтан ұстау керек деп ойладық.