Жарияланды: 30

Алматы облысында сел жүрді

Алматы облысында сел жүрді

Алматы облысында Қарғалы бөгеті жарылып, Наурызбай ауданының кейбір жерін сел шайды.

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

"14 тамызда Наурызбай ауданында сел тасқыны болды. Жергілікті түрғындарды хабардар етіп үлгердік. Зардап шеккендерді қабылдайтын пункт пен адамдарды жинап қауіпсіз жерге көшіретін пунктілер белгіленді. Энергетика қызметтеріне электр қуаты мен газды өшіруге тапсырма берілді. Алматы қаласы бойынша ТЖ департаменті Карғалы өзенінің төменгі жағында орналасқан Әуезов және Алатау аудандарын хабардар етуде. Жақын жатқан елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаланың барлық қызметі мобилизацияланды", - деді қалалық ТЖД.

Эвакуациялық пунктілер:

1. Әкімдіктің ескі ғимараты. Жандосов-Рысқұлов көшелері.

2. Шахмерденов көшесіндегі 175-мектеп

3. Жандосов-Яссауи көшесіндегі 158-мектеп

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына барды.

"Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына келіп жетті. Селдің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазды әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-дағы ресми парақшасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін