Алматы облысында тегін инватакси қызмет көрсете бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тегін инватакси қызмет көрсете бастады

Алматы облысында тегін инватакси қызмет көрсете бастады

Алматы облысы Кербұлақ ауданында инватакси қызметі мұқтаж жандарға тегін қызмет көрсетуде. Арнайы автокөлікті сатып алуға қажетті қаражатты облыс әкімдігі бөлді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz


Инватакси жұмысының арқасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз жұмыс орындарына, халыққа қызмет көрсету орындарына және өзге де қажетті орындарға жайлы әрі тегін жетуіне жағдай жасалды.

Инватакси қызметін пайдалану үшін, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында орналасқан облыстық «Дос» мүгедектер қоғамдастығы» бірлестігіне жүгініп, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды автомобиль көліктерінде тасымалдау қызметін көрсету ережелерінде қарастырылған құжаттар тізімін жинақтау қажет.