Алматы облысында жер сілкінісі болды
2 маусым күні Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлады бейсенбі күні ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. |
«ҚР білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың 2 маусымында сағат 11:13-те Алматы облысының аумағында Алматы қаласының солтүстік-шығысында 72 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды. MSK-64 шкаласы бойынша күші 2-3 балдық жер асты дүмпулері Түрген мекенінде сезілді», - делінген ақпаратта.
Қираулар туралы мәлімет жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін