Жарияланды: 440

Алматы облысында жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген екі жұмысшы мерт болды

Алматы облысының Бесқайнар ауылында шошқа өсіретін кешеннің насостық станциясында жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген екі жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, жөндеу жұмыстары барысында станцияның кірпіш қабырғалары құлау салдарынан 25 және 48 жастағы екі слесарь сұйықтыққа батып өлген. Қазіргі жағдаймен қаза тапқандардың мәйіті одан шығарып алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін