Жарияланды: 610

Алматы облысының Қаржы полициясы жалған теңгенің ірі партиясын тәркіледі

Алматы облысының Қаржы полициясы жалған теңгенің ірі партиясын тәркіледі

Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаменті жалған ұлттық валютаны таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тоқсауыл қойды.

Облыстық Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру шарасын жүргізу кезінде 10 000 теңгелік номиналды 400 дана ұлттық валютаны «Мерседес-Бенц» көлігіне ауыстыру кезінде екі Қазақстан азаматы құрықталды. Оларға қатысты жалған ақшаны өткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген 4 млн. теңге көлеміндегі жалған ақша сапасы жағынан аса жоғары, оның арнайы құрылғысыз анықтау қиын. Қазіргі уақытта қаржы полицейлері жалған ақшаның жасалатын жерін және оның қайдан келгенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін