Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Сөздің шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі, Кеген аудандық полиция бөлімшесіне 2006 жылғы кәмелетке толмаған баланың мәйіті өзен бойынан табылғаны туралы хабарлама 11 сәуір күні түскенін айтып, растады. Күдікке ілінген бала да мектеп оқушысы, осы Саты ауылының 11 сыныбында оқиды екен. Алматыда да 4 сәуір күні жастар арасындағы төбелес кезінде кәмелетке толмаған колледж студенті пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен.Бұл істе де күдікті 10-сынып оқушысы. Қызылорда облысындағы талып қалған баланы тепкінің астына алған жасөспірімдердің аяусыз әрекеті туралы видеоны көбіңіз көрдіңіздер. Өскемендегі оқушы қыздардың өздерімен қатарлас қызды сауда үйінің дәретханасында аяусыз тепкінің астына алып, шешіндіріп, киімін алып кеткені және сол әрекеттерін видеоға түсіріп таратқанын да ұмыту мүмкін емес. Оның үстіне, дәл бүгін ватсап чаттарына қарауға жүрек шыдамайтын бұл сұмдық видео тағы тарап жатыр.
Балаларымыздың қолы қанға малынып, қыздарымыз асқан қатыгездікпен қатарласын соққыға жығатындай сорақы күйге қашан түстік? Неге мұндай деректер жиілеп кетті? Қылмыс жасағанды да бала ғой деп, кешірім сұратып, қоя берудің салдары ма бұл? Әйтпесе, қылмыс жасағаны аздай, сол қылмысының дәлелін видеоға түсіріп, таратып, тайраңдап жүре беретін құзыретті оларға кім беріп қойған? Шенеуніктің қызы болудың буы ма бұл?
Толығырақ видеода: