Жарияланды: 360

Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айбар Олжаев қызметінен кетті, - деп хабарлады http://today.kz/.

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның жұмыстан кету жөніндегі бір апта бұрын берген арызы бүгін қанағаттандырылды.

"Мен Ахметжан Смағұлұлы Есімовке сенім білдіргеніне шексіз ризашылығымды білдіремін. Осындай тұлғаның қол астында жұмыс істеу мен үшін үлкен мектеп болды және халқымыз "Экспо-2017" көрмесін лайықты деңгейде атап өтеді деген сенімдемін. Ахметжан Смағұлұлының басқару саласында бай тәжірибесі бар және ең қиын міндеттерді шешуге саяси жігері жетеді. Сонымен қатар, қазіргі қала әкімі Бауыржан Байбекке денсаулық тілеймін және жақсы көрсеткіштерге жете беруіне тілектеспін",- деді А. Олжаев өз мәлімдемесінде. Оның айтуынша, қыркүйек айынан бастап жаңа қызметке орналаспақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін