«Азия дауысы» фестивалінің елімізде осымен он төртінші мәрте өткізілгелі отырғанына тоқталған қала әкімі Қазақстан халқының осындай ән байқауын өткізуге мәдени, рухани байлығы сай келетін білімдарлығын тілге тиек етті.
Ән байқауына қатысушыларға табыс тілей отырып әкім шығармашылық иелерінің шабытын одан әрі шалқыта түсуге барлық қолайлы жағдайды жасауға уәде берді. Шығармашылық иелерінің шабытын қамшылайтындай үйлесімді ахуал қалыптастыру біздің міндетіміз деді В.Храпунов.
«Азия дауысы» ән байқауының қорытынды концерті бүгін Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Осыған байланысты қалалық әкімшілік жетекшісі қорытынды концерт бұрынғыдан да тасқынды табыстарға, шығармашылық биіктіктерге жеткізуіне тілектестік білдірді.
«Азия дауысы» ән байқауына дүниежүзінің 16 елінен 19 өкіл қатысуда.