«Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру — Елбасы алға қойған өзекті мәселелердің бірі. Орталықтардың әрбір қызметкері қала тұрғындарына барынша сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуі тиіс», — деді Ахметжан Есімов Алматының Бостандық және Алмалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарын аралаған кезде.
Сонымен қатар, Алматы әкімі АҚШ-тағы «911», Франциядағы және басқа да бірқатар мемлекеттер мен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы полициясының оперативті басқару орталықтарының тәжірибесі негізінде 2000 жылы Ішкі істер департаментінде құрылған оперативті басқару орталығының жұмысымен де танысты.
«Соңғы жылдары мегаполистің барынша үлкен қарқынмен дамуы барысында аталған орталық қызметкерлерінің жұмысы да күрделілене түсті. 2001 жылы орталыққа 547 мың 623 қоңырау шалынса, 2007 жылы 1 млн.445 қоңырау түскен, яғни 263 пайызға артқан», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті