Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, акция номері 256/1 Тілендиев көшесінде ( Сәтпаева пен Ковалевский көшелерінің қиылысында) орналасқан жалғыз басты зейнеткерлерге, балалары жоқ от басыларға, ерлі-зайыптыларға арналған әлеуметтік үйінде басталады.
Үйдің маңайында пневмо-каркастық далалық госпиталь орналастырылады, ал 10 -орынды шатырда «Құтқару орталығының» дәрігерлері адамдарды қабылдап, ем-дом жасайды.
Келген адамдар функционист (УЗИ), терапевт, офтальмолог, дерматолог, хирург, невропатолог, кардиолог (ЭКГ), ЛОР-дәрігерлерінің тексерулерінен өтеді. Сондай-ақ, рентгенолог, флюоромобиль сияқты жалпы анализдерін өңдейтін зертхана жұмыс істейтін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті