Жарияланды: 590

Алматы СЭС-ы өткен аптада 61 жабайы сауда нүктесін жапты

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидқадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (СЭС) 24 маусым - 1 шілде аралығындағы кезеңде 61 жабайы сауда нүктесін жапты, делінген СЭС ақпаратында.

«Өткен аптада 24маусым мен1 шілде аралығында Алматы қаласының санэпидқызметі АІІБ мен әкімдіктің өкілдерімен рейдтер өткізді, (…) 6 дүңгіршек жойылды… Мобильді топтар жабайы сауда жүргізілген 61 нүктені жапты», - делінген СЭС-тың дүйсенбі күні таратқан ақпаратында. Өткен аптада 7 базардың айналасы тексеріліп, «Болашақ», «Құлагер», «Жұлдыз», «Тастақ», «Карим» және «Ботагөз» базарларының қасынан 25 жабайы сауда нүктесі жойылды. Бақша дақылдарын сататын нүктелерден сынама алып, бақылау-қадағалау шаралары күшейтілді. СЭС мәліметінше, ұсақ бөлшек сауда жүргізетін 54 объект қызметін жалғастыруда, оның:10 - Алатау ауданында, 9-ы Әуезов, 12-сі Алмалы ауданында, 7-еуі Жетысу, 8-і Медеу ауданында, 4-еуі Бостандық және 4-еуі Түрксіб ауданында орналасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін