Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Алматы қаласындағы қоғамдық көліктердегі жеңілдік тарифі ақылы немесе грантпен оқитындығына қарамастан барлық ЖОО мен колледждердің студенттеріне тиесілі болады. 1 шілдеге дейін студенттер үшін жолақы құны жалпы құнның 50 пайызын, яғни, 25 теңгені құрайды. Сонымен бірге, биыл 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында қоғамдық көліктердегі жолақы құны еш шектеусіз барлық студент атаулыға 50 теңгені құрамақ.
Әкімдіктегілер атап көрсеткендей, қазіргі уақытта оқу жылы кезіндегі барлық студенттер үшін жолақы тарифі туралы шешім қабылдануда. Қазіргі таңда белгілісі оқу түріне қарамастан ЖОО мен колледждерде оқитындар үшін жолақы қолайлы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті