Олар Кіші Алматы шатқалындағы Октябренок шыңын бағындырмақ болған. Бұл туралы Алматыдағы республикалық жедел құтқару жасағынан хабарлады.
Олардың жоғалып кеткендері туралы әріптестері хабарлаған. Құтқару қызметіндегілер қалалық ТЖД-дан аталған дерек бойынша 17 наурызда түнгі сағат 00:00-де хабарлама түскенін айтты.
Іздеу жұмыстарына алғашында 2 құтқару жасағы, 3 автотехника жұмылдырылған. Кейін 6 адамнан тұратын 2 құтқару жасағы қосылды. Қаза болғандардың мүрдесі түнгі 3:51-де табылып, таңғы сағат 5:45-те Шымбұлаққа жеткізілді.
Алдын ала ақпаратқа сенсек, олардың бірі «051» құтқару қызметінің нұсқаушысы болуы мүмкін. Ал екіншісі туралы ақпарат әзірге жоқ.