Алматы тауларында жоғалған әйел табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тауларында жоғалған әйел табылды

Алматы тауларында жоғалған әйел табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен Әлия Камиева Үлкен Алматы көлінің маңынан аман-есен табылды.

  • 8 Шiлде 2021
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, 1980 жылы туған Әлия Камиева 5 шілде күні өзімен бірге телефонын алмай тауға шығып кеткен. 7 шілде күні әйелдің анасы құтқарушылардан көмек сұрады.

"Сағат 10.56-да Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Әлия Камиева табылды. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Зардап шегушіні ауруханаға жатқызу қажет. Төтенше жағдайлар департаменті "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен ауруханаға жеткізу ұйымдастырылды", – деп хабарлады ТЖД.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың ең көп саны жұмылдырылды. Әйелді Республикалық жедел-құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің қызметкерлері және 75 волонтер іздеді. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына дрон қолданылды.


Соңғы жаңалықтар