Алматы жолдарында 1000-нан аса жаңа "Сергек" пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жолдарында 1000-нан аса жаңа "Сергек" пайда болады

Алматы жолдарында 1000-нан аса жаңа "Сергек" пайда болады

 

  • 22 Желтоқсан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

2024 жылы Алматы жолдарына қосымша 1000-нан аса "Сергек" камерасын орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы оңтүстік астананың цифрландыру басқармасы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабынд, "Алматы жол қозғалысын талдау және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің интеллектуалды жүйесі" жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімі жасалды.

"Келісім бойынша қазіргі уақытта Алматыда 1341 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені (7894 бейнекамера) орнатылған. 2024 жылы қосымша 300 кешен (1200 бейнекамера) орнату жоспарланған", — деп хабарлады ведомство.

Осылайша мегаполистегі "Сергек" камераларының жалпы саны 9 мыңнан асады.