Алматы зообағында қар барысы жоғалған жоқ - Зообақ басшылығы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы зообағында қар барысы жоғалған жоқ - Зообақ басшылығы

Алматы зообағында қар барысы жоғалған жоқ - Зообақ басшылығы

Алматы хайуанаттар бағында 6 қар барысы жоғалды деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл қауесет Фейсбук желісінде таралған болатын. Зообақ басшылығы бүгін осыған қатысты түсініктеме берді.

  • 3 Наурыз 2016
  • 569
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумовтың айтуынша, түз тағысы әр жылдары қаза болған. Әр мемлекеттен әкелінген барыстар қазақ жеріне жерсініп кете алмады.

«Қырғыз елінен әкелінген екі барыс мерт болған. Олардың өлімі  биологиялық қартаюдан болды. Басқа екі барыс ота жасауды көтере алмады. Олар науқас еді, ота сол себепті жасалған. Қызыл кітапқа енген жануарлар жоғалған жоқ, физиологиялық жағдайларына байланысты өлді. Ілбістер әлемнің ешқандай зообағына жерсініп кеткен жоқ», — деді М.Сорокоумов.

Және Польша мен Жапониядан әкелінген екі ұрғашы барыстың ғұмырын пневмония қысқартып кетті.


Қазіргі кезде бұл жыртқыштар Алматы зообағында жоқ.