Жарияланды: 410

Алматы-Бішкек тас жолында болған апат салдарынан 4 адам зардап шекті

30-тамызда Алматы-Бішкек тас жолының 13-шақырымында Митсубиси және Хюндай автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 4 адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, апат салдарынан Митсубиси автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы зардап шекті. Олар Қаскелең аудандық ауруханасына жатқызылды. Ал Хюндай автокөлігінің жолаушылары ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть