Алматыда 20 киберхакер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 20 киберхакер сотталды

Алматыда 20 киберхакер сотталды

Алматыда 60-қа жуық мемлекеттік мекеме мен жеке компаниялардың шотынан ақша ұрлап ұсталған киберхакерлер ісіне қатысты сот үкімі шықты.

  • 26 Қаңтар 2017
  • 475
Фото - Caravan.kz

20 адамнан тұратын қылмыстық топ өздерінің жымысқы әрекетін 2015 жылдан бері жүзеге асырып келген. Ал, топ серкелері ақпараттық технологияда айтарлықтай тәжірибесі бар екі адам. Олар бұл іске тағы 18 адамды жұмылдырған. Алаяқтар Франция, Германия, Ұлыбритания мен АҚШ-та орналасқан серверлері арқылы өздері жасаған қауіпті бағдарламаларды пайдаланып, қазақстандық салымшылар шотынан ақша ұрлаған. Екі жыл ішінде қылмыстық топ 53 млн теңгені жымқырып үлгеріпті. Алайда, арам жолмен келген ақшаны толық жұмсай алмаған. Қаржының жартысы иелеріне қайтарылды. Кеше Бостандық ауданының №2 сотының судьясы қылмыскерлерді бас бостандығынан айыру туралы шешімді жариялады.  

— Қылмыстық топты құрған Омаров пен Дасторовқа 7,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардың мүлкі де тәркіленеді. Сондай-ақ 13 адамға үш жарым мен 7 жыл аралығындағы түрмеге тоғыту жазасы кесілсе, 5 адам шарты жазаны өтейді, дейді қалалық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Дияс Махамбетов.


Соңғы жаңалықтар