Алматыда 2008 жылдың мамыр айында инфляция 0,7% болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2008 жылдың мамыр айында инфляция 0,7% болды

Алматыда 2008 жылдың мамыр айында инфляция 0,7% болды

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 2008 жылдың мамыр айында барлық тауарлар мен қызмет түрлеріне инфляция индексі алдағы айлармен салыстырғанда 100,7% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Маусым 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің экономиканы жиынтық жоспарлау бөлімінің мәліметінше, есепті айда азық-түлік тауарлары 1,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2%-ға, ақылы қызмететрдің құны 0,8%-ға қымбаттады.

Атап айтсақ, азық-түлік тауарлары тобында макарон өнімдерінің бағасы 2,7%-ға, ет және ет өнімдері 2,1%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында дизельдік отын бағасы 5,8%-ға өсті. Мәдениет саласындағы қызметтер құны 1,6%-ға, медициналық және білім беру қызметтері тиісінше 1,2% және 0,1%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті