Алматыда 30 адамнан менингококкты инфекцияның шыққандығы расталып отыр - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 30 адамнан менингококкты инфекцияның шыққандығы расталып отыр

Алматыда 30 адамнан менингококкты инфекцияның шыққандығы расталып отыр

Менингококкты инфекция – бактерия туғызатын өткір инфекциялық ауру түрі.

  • 29 Мамыр 2018
  • 54
Фото - Caravan.kz

Алматының инфекциялық стационарларында "менингококкты инфекция" диагнозымен 30 адам емделіп жатыр, делінген сейсенбіде қалалық қоғамдық денсаулық департаментінен таралған хабарламада. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазды. 

Менингококкты инфекцияның көбеюуіне орай дәрігерлер алғашқы симптомдар байқалған бойда, яғни тамақ қырнап, ауырса, бас ауырса, дене қызуы көтерілсе, жалпы өзін жайсыз сезінсе, бөртпелер пайда болса, жедел медициналық жәрдем бригадасын не учаскелік дәрігерді шақыруға тиіс. 

Медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген жағдайда ауру асқынуы ықтимал, тіпті адам өліміне әкеп соғады. Осы орайда дәрігерлер салқындап қалмауды, адам көп жиналатын орындарға, спорт шаралары мен бассейндерге баруды шектеуді ұсынады. "Мешітке барған кезде, намаз оқығанда маска киіп, жеке бастың гигиенасын ұстау қажет", – дейді дәрігерлер.

Менингококкты инфекция – бактерия туғызатын өткір инфекциялық ауру түрі.


Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

Бәйгеге түсу үшін арсыздық пен қулық керек: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты 

Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар