Алматыда 5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады - Б.Байбек - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады - Б.Байбек

Алматыда 5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады - Б.Байбек

 Бүгін Алматы қаласы әкімдігінде қала басшысы Бауыржан Байбектің төрағалығымен іскерлік кеңесі өтті. Оған ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, мемлекеттік құрылымдардың және бизнес өкілдері қатысты.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz


Өз сөзінде қала басшысы әлемде қалыптасып отырған дағдарыс аясында қала экономикасын жаңа деңгейге көтеру керектігін айтты.
«Жаңа жағдайда бірінші кезекте Алматы қаласының халықаралық әуежайын дамыту қажет болады. Шет елден келген қонақтар елімізді бірінші осы әуежай арқылы таниды. Сонымен қатар, көлік-логистикалық торапты халықаралық деңгейге көтеруіміз керек. Өйткені ол — Алматының болашағы», — деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, қала басшысы алдағы уақытта Алматыда индустриалдық жобаларды жүзеге асыру аясында 5 мыңдай жұмыс орны ашылатындығын айтты.

«Осыдан екі күн бұрын әкімдікте өткен өңірлік үйлестіру кеңесінде 22 индустриалдық жоба мақұлданды. Олар еліміздің Индустриаландыру картасына енгізілді. Енді бұл, алдағы уақытта қалада 5 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Аталған жобалардың жүзеге асыруға 62,6 млрд. теңге жұмсалады. Жалпы, Алматының әлеуеті өте жоғары. Алматы — жастардың қаласы. Қазақстанда инноваторлардың 87 пайызы Алматыда тұрады. Қаламызда нарықтың 35 пайызын сауда саласы құрайды. Сондықтан, Алматыда экономиканың барлық саласын дамыту үшін ең бастысы қолайлы инвестициялық климатты барынша нығайта түсуіміз керек», — деді Б.Байбек.