Алматыда 9 мыңнан астам самокат айып тұрағына қойылған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.58
  • 510.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 9 мыңнан астам самокат айып тұрағына қойылған

Алматыда 9 мыңнан астам самокат айып тұрағына қойылған

Барлығы жол ережесіне енгізілген жаңа талаптарды бұзғаны үшін айыппұл тұрағына тоғытылған

  • 18 Қыркүйек
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының полициясы айыппұл тұрағына тоғытылған самокаттарды көрсетті.

Қазіргі кезде тұрақта әртүрлі кикшеринг компанияларының 9 мыңнан астам электрсамокаты бар.

Барлығы жол ережесіне енгізілген жаңа талаптарды бұзғаны үшін айыппұл тұрағына тоғытылған болатын. Олар:

тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүрмеу;

18 жаста болу;

кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы;

қорғаныс шлемін пайдалану;

қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану.

«Қазіргі кезде электрсамокатпен тек веложолақпен және жолдың жиегімен ғана жүруге болады», — дейді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетері, 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуар мен жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне тыйым салынған.

Сондай-ақ кикшеринг компанияларына да қойылатын талаптар күшейтілді.