Десе де тойды жақтаушылар мен даттаушылар да табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Тойда кімдер болды: Динара Сәтжан мен күйеуі отбасылық достарын қалай құттықтады?
Айта кетерлігі Алагөзовтардың дүбірлі тойында көптеген танымал тұлғалар болған. Солардың бірі — тележүргізуші Динара Сәтжан мен оның күйеуі. Тележүргізуші өзінің жылы тілегін желідегі парақшасында қалдырды.
«Біздің отбасымыздың досы Тұрсын небәрі 57 жаста! Меніңше, бұл – керемет жас.
Өмірде көп нәрсеге қол жеткізген, сүйікті кәсібі, сүйікті жары, отбасы, балалары, шынайы достары, мүмкіндіктері бар, ең бастысы – өмірге деген зор құштарлығы бар кез. Өмірді қызық көру. Өмірден ләззат алу. Өмірді бар күшіңмен сүру! Алда бұдан да көп зауыт, саяхат, жаңа идея, әдемі жобалар, отбасылық мерекелер мен көзден жас шыққанша күлетін сәттер көп болсын. Әр туған күн дәл осындай көңілді әрі жылы өтсін! Жаңа жасыңыз құтты болсын! Жаңа жасыңыз бақытты, жарқын және шын мәнінде өзіңізге тиесілі жыл болсын!», — деп жазды ол.
Көпшілік неге шулады?
Десе де желі қолданушыларын тойдан бөлек, оның басынан бастап соңына дейін орысша өткені жиі мазалаған. Олар сыни пікірлерін желіде жаудырып жатыр.


Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко Баян Алагөзоваға қомақты сома жібергенін айтып, желіде алғыс білдірген еді.