Алматыда Абай даңғылының бойында Gelandewagen аударылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Абай даңғылының бойында Gelandewagen аударылып қалды

Алматыда Абай даңғылының бойында Gelandewagen аударылып қалды

Алматыда Gelandewagen Mercedes жүргізушісімен соғысып, аударылып кетті.

  • 1 Тамыз 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылының бойында Розыбакиев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen Розыбакиев көшесіне жетпей оң жаққа бұрылмақ болған. Сол сәтте автобустар жолағының бойында Mercedes көлігі келе жатқан. Екі көлік соғысып, нәтижесінде Gelandewagen аударылып кеткен. Жол апатынан Gelandewagen жүргізушісі зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
 

Соңғы жаңалықтар