Алматыда аштық жариялаған зағиптар талып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аштық жариялаған зағиптар талып жатыр

Алматыда аштық жариялаған зағиптар талып жатыр

Алматыда аштық жариялаған зағиптардың халі бүгін тіпті нашарлай түсті. Зағиптар қоғамы басшысының кетуін талап етіп, үш тәулік бойы ас-судан бас тартқан олар бүгін аштықтан талып қалған.

  • 19 Шiлде 2014
  • 422
Фото - Caravan.kz

Аштық жариялағандар мына ғимарат ішінде. Үшінші күн қатарынан тамақ ішпей отырған олар аталған қоғам басшысы Байболат Әубәкіровтің қызметтен кетуін талап етуде. Нәр татпай әлсізденген зағиптар бүгін талып қалды. Туыстары жедел жәрдем шақыртқанымен, іштегі күзет келген дәрігерлерді кіргізбей, кері қайтарып жіберген. Есікті кілттеп, аш жатқандарды да көрсетпей қойды. Туыстары да олармен жолыға алмай зар илеп отыр. Солардың бірі – Бағдар Марқамет өз әйелін үш тәулік бойы әлі көрмепті.        


Бағдар Марқамет:

-Оларды мына іштегі күзетшілер жауып отыр! Олар Талғат Атахановтың күзетшілері. Бізді кіргізбей отыр. Ол кісілерді шығармай отыр!