Алматыда бейтаныс адам банк кассирін тапаншамен қорқытып 65 млн теңгені алып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бейтаныс адам банк кассирін тапаншамен қорқытып 65 млн теңгені алып кетті

Алматыда бейтаныс адам банк кассирін тапаншамен қорқытып 65 млн теңгені алып кетті

Алматыда жеке ұйымдардың бірнеше кеңсесі мен “Альфа-банктің” бөлімшесі орналасқан “Арай” тұрғын кешені тоналды.

  • 28 Маусым 2017
  • 681
Фото - Caravan.kz

Алматы Ішкі істер департаментінде Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайын нақтыламай жағдайға қатысты пікір білдірді.

Офистердің бірінің күзетшісінен алынған, алдын ала деректерге сәйкес, тонау дерегі банкпен байланысты екен.

“Тонау дерегі бойынша Бостандық ауданының ІІБ тергеу жүргізуде. Жедел тергеу тобы құрылып, оның құрамына аудандық бөлімше мен криминалдық полицияның із кесушілері кірді. Нақтыланбаған ақпарат көп”, — деді ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ресми түрде полицейлер қандай мекеменің тоналғанын нақтыламады. Алайда полиция ведомствосындағы конфеденциалды дереккөзінен “Альфа банк” ғимараты мен паркинг арасындағы бөлмеде банк кассирінің тоналғанын білді. Бейтаныс адам тапаншамен қорқытып, жәбірленушіден 65 миллион теңге алып кеткен. Өзге ақпарат нақтыланбайды.


Соңғы жаңалықтар